Көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңінде кен пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландыру ережелеріне сәйкес, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру кен пайдаланушы тарапынан өткен жылдың қорытындысы бойынша кен өндіруге жұмсалған шығындардың бір пайызы көлемінде жүзеге асырылады.
Жобалау (технологиялық) және (немесе) тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін, магистральды газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын көмірсутек саласында пайдалану бойынша Лицензияға сәйкес, біздің компания төмендегідей қызметтерді көрсетеді:
Көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңінде кен пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландыру ережелеріне сәйкес, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру кен пайдаланушы тарапынан өткен жылдың қорытындысы бойынша кен өндіруге жұмсалған шығындардың бір пайызы көлемінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кен пайдаланушылардың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру міндеттемелері және кен пайдалану туралы келісімшарт бойынша, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған басым салалық бағыттар тізбесіне сәйкес, осы Ереженің қосымшасында көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) — жаңа білім алу және жаңа өнім немесе технология жасау кезінде практикалық қолдану мақсатында жүргізілетін жұмыстар жиынтығы.
ҒЗТКЖ құрамына мыналар кіреді:
Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) — ғылыми ізденіс, зерттеулер, эксперименттер жүргізу арқылы бар білімді кеңейту және жаңаларын алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, ғылыми қорытындылар жасау және жобаларды ғылыми негіздеу жұмыстары.
Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) және технологиялық жұмыстар (ТЖ) — өнімді жасау немесе жаңарту кезінде атқарылатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау.
Біздің компания жоғары білікті мамандар құрамына және аталған жұмыстарды орындауға қажетті жабдықтарға ие.